ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу

Партия туралы

БағдарламасыҚұрылымПартия тарихыБайланыстарБіздің көш басшыларымызСурет галлереясыБейнежазбалар

Жастар қанаты

Біздің идеяларҚұрылымы

Партия қызметі

Іс - шараларСъездерҮндеулер, Мәлімдемелер

Баспасөз орталығы

Баспасөз орталығының қызметіПресс-релиздерСтенограммалар

БАҚ

Сұхбат, мақалаларСараптамаБіз туралы

Партиялық әріптестік қатынастар

ТМД елдерінің социалистік және социал-демократиялық партияларының Альянсы«Справедливая Россия» партиясымен әріптестікҚР саяси партияларының Партияаралық Кеңесі

Сілтемелер

Республикалық БАҚЖергілікті БАҚ

Қоғамдық қабылдау бөлімі

Алматы қаласыҚызылорда облысыБатыс Қазақстан облысыАлматы облысыОңтүстік Қазақстан облысыАқтөбе облысыЖамбыл облысыАтырау облысыАқмола облысы

САЙЛАУ 2012

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарын сайлау 2012
2010 жылдың 17 шілдесінде Киев қаласында (Ярославов вал көшесі, 22, "Radisson" қонақ үйі) Украинаның Социалистік партиясының төрағалық етуімен ТМД елдерінің социалистік және социал-демократиялық партияларының Форумында Партияаралық Кеңестің бірлескен отырысы болып өтті

Форумның алғашқы бөлігінде қатысушылар ТМД елдеріндегі саяси жағдай мәселелерін талқылады. "Қазақстандағы саяси жағдай туралы" баяндаманы "Әділет партиясының (Қазақстан) төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сейдомарұлы Сыдық жасады. Ол өзінің баяндамасында Қазақстандығы қазіргі саяси ахуал туралы жан-жақты және сындарлы мәлімет берді.

"Мәселен, – деді ол, – қазіргі ТМД елдеріндегі саяси ахуалды көрсетуші фактор ретінде экономикалық дағдарысты атауға болады. Дағдарыс Қазақстанға өзгелерге қарағанда ерте келді. Биліктің бұрынғы "алдымен экономика, содан кейін саясат" атты ұраны қазіргі кезде өзінің маңыздылығын жоғалтты. Қазір Қазақстанда саяси даму экономикалық дамудан кенжелеп қалғаны анық байқалуда. Экономиканың дамуы бәсекелестік жоқ, монополиялар үстемдік еткен жағдайда тежеле бастады".

Украина социалистік партиясының төрағасы А.А.Мороз өз баяндамасында Украинаның президенттік сайлаудан кейінгі ТМД елдерімен қарым-қатынасы туралы мәселені көтерді. Форумның екінші бөлігінде посткеңестік елердің қазіргі экономикалық қарым-қатынастарының мәселелері сөз болды. Мұнда да негізгі баяндаманы "Әділет" партиясының (Қазақстан) төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сейдомарұлы Сыдық жасады. Оның баяндамасының негізгі мазмұны төмендегідей:

"Посткеңестік кеңістіктігіндегі бірігууге ұмтылу процесінің болуы объективті құбылыс. Ол көптеген мемлекетаралық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл мәселелер, кезінде, әр елдің нарқытық экономикаға көшуінің түрлі жолдарын таңдауынан және бұрынғы бір мемлекетті құраған елдердің ұлттық мүдделерінің алшақтауынан, экономикалық қатынастан әрқайсысының тек өз мүддесіне басымдық бергенінен туындаған. Қазіргі әлемдік дағдарыс өзін-өзі оқшаулаудың бұндай тәсілі тиімсіз екенін дәлелдеп берді. Дағдарыстан посткеңестік елдердің ешқайсысы да (мүмкін, Ресейден басқасы) өз беттерімен шыға алмайтынын анықтады. Сарапшылар мұны қаншама терістеуге ұмтылғанымен – шындық бәрібір осылай болып қалады. Әркімнің өз бетімен "әлемдік дамыған елдер қатарына қосыламыз" деуі де бекершілік".

Одан әрі қарай Форумға қатысушылар мына мәселелерді қарады:

- Еуроодақ пен ТМД елдері арасындағы байланыстың болашағы: социалистер мен социал-демократтардың осы мәселеге қатысты ұстанымдары;

- Бақылаушылар ретінде өз елдерімізде өтетін сайлауларға бірігіп қатысу;

- Форумға қатысушы ТМД елдерінің социалистік және социал-демократиялық партиялардың қызметін бейнелейтін тәуелсіз ақпараттық орталықтар құру.

Форум жұмысына ТМД елдерінің социал-демократиялық партияларының басым бөлігінің өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында Социалистік Интернационал өкілдері болды. Құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылған Швед Социал-демократиялық партия өкілдері де Форумға арнайы қатысты.

Сол күні Украина социалистік партиясының төрағасы А.А.Мороз өзінің қорытынды баяндамасымен Форумныңның жұмысын аяқтады.

Қатысушылар тізімі:

  1. Украина Социалистік партиясы
  2. "Справедливость" партиясы (Украина)
  3. Әзербайжан Халықтық Социалистік партиясы
  4. "Дашнакцутюн" партиясы (Армения)
  5. Белорустің "Справедливый мир" солшыл партиясы
  6. Белорустің социал-демократиялық "Грамада" партиясы
  7. Республикалық еңбек және әділет партиясы (Белорус)
  8. “Әділет” Демократиялық партиясы (Қазақстан)
  9. Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы
  10. Молдова Демократиялық партиясы
  11. Молдова Социал-демократиялық партиясы
  12. " Справедливая Россия" партиясы
  13. Социалистистік Интернационал өкілдері
  14. Еуропа Социалистері партиясы
  15. Грузияның Лейбористер партиясы
  16. Швед Социал-демократиялық партиясы
  17. "Келісім" Социал-демократиялық партиясы (Латвия)

Біздің көш басшыларымыз

Блиц-сауалнама

Мұрағат

« Ақпан, 2012 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29