ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу

Партия туралы

БағдарламасыҚұрылымПартия тарихыБайланыстарБіздің көш басшыларымызСурет галлереясыБейнежазбалар

Жастар қанаты

Біздің идеяларҚұрылымы

Партия қызметі

Іс - шараларСъездерҮндеулер, Мәлімдемелер

Баспасөз орталығы

Баспасөз орталығының қызметіПресс-релиздерСтенограммалар

БАҚ

Сұхбат, мақалаларСараптамаБіз туралы

Партиялық әріптестік қатынастар

ТМД елдерінің социалистік және социал-демократиялық партияларының Альянсы«Справедливая Россия» партиясымен әріптестікҚР саяси партияларының Партияаралық Кеңесі

Сілтемелер

Республикалық БАҚЖергілікті БАҚ

Қоғамдық қабылдау бөлімі

Алматы қаласыҚызылорда облысыБатыс Қазақстан облысыАлматы облысыОңтүстік Қазақстан облысыАқтөбе облысыЖамбыл облысыАтырау облысыАқмола облысы

САЙЛАУ 2012

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарын сайлау 2012

"Әділет" Демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының саяси кеңес мүшелерінің және партия белсенділерінің кезекті отырысында филиал төрағасы А.Раманқұл сөз алып, қазіргі таңда "Әділет" Демократиялық партиясының Орталық Комитетінің атқарып жатырған жұмыстары жайлы отырысқа қатысушыларға мағлұмат берді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 26 мамырында Астана қаласында өткен Партияаралық кеңестің IХ отырысына байланысты, облыстық филиалдың мүшелерін осы Партияаралық кеңесте қаралған мәселелер мәтінімен толық таныстырды. "Әділет" Демократиялық партиясының Партияаралық кеңесте "Қазақстан Республикасының өндірістік – инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы ұсынысы филиалдың отырысына қатысушылардың да көңілінен шығып, қолдауға ие болды.

Астана қаласында өткен Партияаралық кеңестің IХ отырысында қаралған және "Әділет" Демократиялық партиясынының саяси кеңесінің 31ма- мырдағы шешіміне сәйкес, "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының Партиялық қадағалау постыларымен өзара бірлесіп іс-шаралар атқаруы үшін, "Әділет" Демократиялық партиясының әр облыстағы жетекшілерінің жоғарыда аталған "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының Партиялық қадағалау постыларының мүшелерінің қатарына ендірілуі, қоғамымызда "Әділет" Демократиялық партиясының күннен-күнге өсіп келе жатырған саяси белсенділігі мен салмағын айқын көрсетеді.

Филиал төрағасы "Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік өндірістік-инновациялық даму бағдарламасының" басым жақтары мен кемшіліктерін "Әділет" Демократиялық партиясы өз ұсыныстарында нақты көрсеткенін және Үкімет тарапынан бұл ұсыныстар дер кезінде қабылданып, дұрыс тұжырымдар жасалса, одан қоғамымыздың ұтылмайтынын нақты атап көрсетті,- деді.

Сонымен қатар, баяндамашы саяси кеңес мүшелерін жыл басынан бері филиалдың атқарған жұмыстарымен қысқаша таныстырып өтті.

Сөз соңында, А.Раманқұл облыстық филиалдың саяси кеңес мүшелері және белсенділеріне партияның Орталық Комитетінде қаралып жатырған мәселелерді негізге ала отырып, филиал жұмысын әрі қарай жандандыруды ұсынды.

Қызылорда қаласы

08.06.2010ж.

Біздің көш басшыларымыз

Блиц-сауалнама

Мұрағат

« Ақпан, 2012 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29