20 сәуір күні "Әділет" партиясының төрағасының орынбасары Төлеген Сыдық Тараз қаласына іссапармен барды. Онда ол Қошқаров Жомарт Қасымханұлы басқаратын "Әділет" партиясының Жамбыл облыстық филиалының партия активімен және мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу "Әділет" партиясының "Біздің әділет жолымыз" деп аталатын саяси тұғырнамасын талқылауға арналды.
.jpg)
Жаңа әлем үзіксіз қарқын алып келе жатқан жаһандық өзгерістерге ұшырау үстінде. Қазіргі орын алып отырған дағдарыс осы жаһандық құбылыстың көрінісі. Бұл – біздің қазіргі әлем туралы түсінігімізге түбірлі өзгерістер алып келді.
Қазіргі әлемдегі болып жатқан құбылыстарды заманның өзгеруі деу дұрыс емес. Бұл – дәуірдің алмасуы. Дағдарыс салдарының өте терең әрi күрделі болатын түрi бар. Солардың ішінде бай және кедей елдер арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің шексіз ұлғаюын, қоршаған ортаның қауіпті ластануын, әлемдік ауа-райының өзгеруін ерекше атап өту қажет.
Дағдарыстың ауқымы ¬- қазіргі үстемдік етіп тұрған капитализм моделінің шама-шарқы таусылғанын көрсетеді. Бұндай жағдайда өзін-өзі тауысқан жүйені мiндеттi түрде жаңа, әлдеқайда жетілген экономикалық және саяси жүйелерге алмастыру қажет.
Адамдардың өмiр сүру жағдайын тек нарыққа ғана тәуелдi етiп қоюға ешқашан да жол бермеу қажет. Тұрғындарды дағдарыс зардабынан үнемi қорғай отырып, еңбек нарығында белсендi саясат жүргiзу арқылы әмбебап әлеуметтiк жобаларды ұсыну қажет. Адам капиталына өте көп мөлшерде инвестиция құйылуы тиiс.
Дағдарыстан шығу үшiн азаматтық қоғам институттарының дамуы өте маңызды болып табылады. Егер билiк қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен және кәсiби одақтармен тұрақты да тығыз байланыс орната алмаса, онда ол өзi мойнына артқан жауапкершiлiк салмағының астында тұншығып қалатын болады. Бiз қазiргi дағдарыс қоғамды демократиялық бағытта дамудан бас тартуға, немесе, оны тежеуге әкелмеуi тиiс екендiгiн айқын сезiне бастадық. Керiсiнше, бұл уақыт - бүкiл қоғамның өзара жиi ақылдасып отыратын уақыты.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері талай рет "тар жол тайғақ кешуді" бастан өткерді. Дегенмен, бүгінгі дағдарыс Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптаса алғандығын дәлелдеді: тәуелсіздік жылдары елімізде мемлекеттіліктің қалыптасуын қамтамасыз етуші барлық тиісті мемлекеттік және қоғамдық-саяси институттар құрылды; саяси мәселелерге қарағанда экономиканың дамуына басымдық беру саясаты – еліміздегі нарықтық экономиканың негізі қалануына және елді тез арада қалпына келтіруге және дамытуға жол ашып берді. Бірақ ол құрылымдар қазір өте тиімсіз қызмет атқаруда. Құрылған институттардың жеке мақсаттары ұлттық мүддеден жоғары болып кетті. Ал мемлекеттің әрбір азаматының мүддесі соның көлеңкесінде қалып қойды.
Бiз қазiргi орын алып отырған жағдайды одан әрмен қалдыра беру – елiмiздi құлдырауға әкеледi және оны өркениеттi даму жолының күресiніне итерiп тастайды деп қауiптенемiз. Сол себепті де біз, "Әдiлет" партиясы, елімізге түбегейлі өзгерістер қажет екенін қолдаймыз. Бүгінде қазіргі басымдылықтар жүйесін түбірімен қайта қарау, өз мақсаттарымыздың мазмұнын терең ұғу және жаңарған Қазақстанның негізін қалау үшін оның адамгершілік және заңнамалық діңгегін дәл анықтап алу міндеттері алға шықты. Біздің алдымызда өз халқымыздың әлі де ашылмай жатқан жасампаздық қабілетін толығымен іске қосу және өзіміздің озық тұстарымызды анықтап, соны жүзеге асыру міндеттері тұр. Бiз мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесінде басты басымдылық ретiнде қаржылық-өндірістік топтардың мүдделері емес, адам мүддесі тұруы керек деп санаймыз. Бүкiл Қазақстан халқы және оның әрбiр азаматы жаңарған Қазақстанды құрудың басты кейпкерлеріне айналуы тиiс.
Сонымен қатар жиналған қауым қоғамда және елімізде қазіргі болып жатқан оқиғаларды қызу талқылады. Шыныда да, кейінгі кезде Қазақстандағы болып жатқан өзгерістер өте ауқымды сипат алуда. Оған биылғы көктемде бүкіл республика аумағында орын алған техногенді оқиғалар мен көрші қырғыз еліндегі оқиғалар да әсерін тигізгені жасырын емес. Қырғыз еліндегі жағдайға Төлеген Сейдомарұлы партиялық тұрғыдан бағасын берді. Ол елдегі жағдайдың шиеленіс алуына ел билігі жауапты екенін ашып айтты. Егер Президент халықпен дер кезінде диалогқа шығып, жағдайдың мән-жайын түсіндіруге әрекет жасағанда, онда орын алған қайғылы оқиға болмас еді. Бірақ халықтың наразылығын күшпен басу әрекеті кері нәтижеге әкелді. Сөйтіп, Қырғызстанда билік орнынан кетуге мәжбүр болды – деді Төлеген Сыдық өз сөзінде.
Кездесуде бұдан басқа да сұрақтар қойылды. Мысалы, ""Әділет" партиясының басқа партиямен бірігуі мүмкін бе?" деген сұраққа партия төрағасының бірінші орынбасары: - "Біз бұған дейін ондай қадамға барған едік. Бірақ ол біздің партияға елеулі табыс әкелген жоқ. Ендігі жерде партия ешкіммен де бірікпейді. Себебі, осы уақыт аралығында біздің партия өзіндік келбеті бар саяси субъектіге айналды. Қазір бізбен биліктегі партияның өзі де санасуға мәжбүр. Ал, бірігемін деген партиялар болса, онда олар бізге өздері келіп қосылсын. Қарсылығым жоқ" - деп жауап берді.
Кездесу соңында "Әділет" партиясының саяси болашағы, мүмкіндігі туралы да сөз болды. Кездесуге қатысқандар партияның Тұғырнамасына толық қолдау білдіретінін білдірді. Қатысушылар тек қана әділет пен шындықты алға тартатын партия популизмнен аулақ, әлі де қоғамдағы жағдайға тура да әділ бағасын бере отырып, еліміздің көркейуіне үлес қоса алатындықтарына деген сеніммен тарқасты.
"Әділет" партиясының баспасөз орталығы
