ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу

Партия туралы

БағдарламасыҚұрылымПартия тарихыБайланыстарБіздің көш басшыларымызСурет галлереясыБейнежазбалар

Жастар қанаты

Біздің идеяларҚұрылымы

Партия қызметі

Іс - шараларСъездерҮндеулер, Мәлімдемелер

Баспасөз орталығы

Баспасөз орталығының қызметіПресс-релиздерСтенограммалар

БАҚ

Сұхбат, мақалаларСараптамаБіз туралы

Партиялық әріптестік қатынастар

ТМД елдерінің социалистік және социал-демократиялық партияларының Альянсы«Справедливая Россия» партиясымен әріптестікҚР саяси партияларының Партияаралық Кеңесі

Сілтемелер

Республикалық БАҚЖергілікті БАҚ

Қоғамдық қабылдау бөлімі

Алматы қаласыҚызылорда облысыБатыс Қазақстан облысыАлматы облысыОңтүстік Қазақстан облысыАқтөбе облысыЖамбыл облысыАтырау облысыАқмола облысы

САЙЛАУ 2012

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарын сайлау 2012
Негізгі » Бағдарламасы
"Әділет" Демократиялық партиясының РҚБ ІІ кезекті съезінде 2008 ж. 29 сәуірде ҚАБЫЛДАНҒАН

"Әділет" Демократиялық партиясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің БАҒДАРЛАМАСЫ (Жаңа редакциясы)

2004 жылы "Қазақстанның Демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды. Партия барлық облыс орталықтарында бөлімшелері бар толыққанды саяси ұйымға айналды.

2004 жылғы сайлау науқаны қарсаңында Қазақстаннның Демократиялық партиясы алдына парламенттік партия болу мақсатын қойды: дамыған демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, жас буынды патриотизмге, тарихи, рухани мұрагерлікке тәрбиелеу – партияның үстем бағдарына айналды. Қазақстаннның Демократиялық партиясы көпшілікке танымал болып, республиканың партиялық-саяси кеңістігінен өз орнын алды. Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентін, биліктің жергілікті өкілетті органдары – мәслихаттарды сайлау және де басқа әр түрлі жұртшылық науқандарына, демократияландыру мәселесі жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысына және т.б. белсене ат салысты.

Елде экономика мен құқықтық тәртіпті нығайту саласында жұмысты нығайту, жаппай етек алуы ұлттық қауіпсіздікке төнетiн шынайы қауіп болып табылатын, және, әділетті қоғам құруға кедергі болатын протекционизммен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажеттігін ұғына отырып - партия өз қызметінің стратегиясы мен тактикасына өңдеу жасады. Қазақстаннның Демократиялық партиясының жаңа қадамдарына сәйкес "Әділет" Демократиялық партиясы болып атын өзгертті.

Енді, осы өзгертулер партия қызметінің концептуалдық негіздерін және артықшылық жүйелерін анықтауды талап етеді. "Әділет" - әділдік дегенді білдіреді. Біздің түсінігімізде әділеттілік ұғымы халықтың ділімен сәйкес келедi, және де, адам құқығы мен бостандығының қазiргi мағынасымен үндес деп санаймыз. Сонымен бiрге, тамыры римдiк құқық жүйесiмен байланысқан моралдiк-құқықтық дәстүрлерге де қайшы келмейдi. Бiз заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ететін қоғамды әділетті деймiз: әрбір азаматтың өмір сүруі үшін лайықты жағдай жасайтын, қоғамдық істер мен өндірісті басқаруға азаматтардың белсендi қатысуын қамтамасыз ететін қоғам ғана әділетті болып табылады.

Бұған қол жеткізу үшін заңдылық пен тәртіп қажет. "Әділет" партиясы елде экономикалық және құқықтық тәртіпті орнату жауапкершiлiгiн және мемлекеттің саяси-билік шешімдерін заңмен қамтамасыз етуді өз мойнына алуға дайын.

Сонымен, "Әділет" Демократиялық партиясы – бұл:

- әділеттілікті, заңдылықты және құқық тәртібін қолдайтын партия;

- азаматтардың әлеуметтік мүдделерін, жеке тұлғаның құқығы мен бостандығын, адамның ар-намысын және абыройын қорғайтын партия;

- сот билігін және оның беделін нығайту үшін күш-жігер жұмсайтын партия;

- саяси тұрақтылықты, азаматтық әлем мен этникааралық келісімдерді нығайтуға жәрдемдесетін партия. Біз қоғамның жікке жарылып бөлінуіне бағытталған барлық саяси ұрандар мен үндеулерге "ЖОҚ" дейміз;

- азаматтық қоғамды және құқықтық мемлекетті орнатуда барлық конструктивтік саяси күштермен партия қызметтес;

- мемлекеттің саяси бағытын жүзеге асыру бойынша және оның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатқа қол жеткізуіне ұсыныстар әзірлейтiн партия;

- халық егемендігі қағидаттарын жүзеге асыруды қолдайтын партия.

Елдегі жағдай және біздің басымдылықтарымыз

Қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайы мен әрi қарайғы дамудың өзектi мәселелерiн дұрыс түсiну үшін біз тарихи дамудың қай кезеңінде тұрғанымызды анықтап алуымыз қажет.

Өткенiмiздi талдайтын болсақ, өзiмiз құрамында болған келмеске кеткен кеңестік экономика мен саясат жүйесіндегі қайта құрулар еш нәтижесіз және залалды сипатта болғанын көрсетеді. Қазақстан еншiсiне, ТМД–ның өзге елдері сияқты, зиянды, бәсекеге қабілетсіз экономика мен көнерген, уақыт талабына сай келмейтін басқару жүйесі мұра болып қалды.

Сондықтын, тәуелсiздiктiң бастапқы кезеңiнде қоғамды жүйелi түрде модернизациялау стратегиялық маңызды болды. Онсыз дамыған елдер қатарына қосылу мүмкiн емес едi. Аталған кезеңнен бастап модернизациялау сатысында қала отырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жеткілікті дәрежеде сәтті шеше алғандығының арқасында, Қазақстан қарқында дамушы елдер қатарына енді. Сөйтiп, бүгінде әлемдік экономикада алдыңғы санаттағы елу елдің қатарына ену туралы амбициялық мақсатты алдына қойды.

Біз өз көзқарасымызда, бұл міндеттерді шешу үшін экономикалық дамудың постиндустриялық жолын түбегейлi таңдауымыз қажет деп санаймыз. Онда, осы экономиканың басты ерекшелiктерi болып саналатын құндылықтарды: өндірістің ғылымға негiзделуiн, инновациялық дамуды және жаңа ақпараттық технологиялар мен нанатехнологияны белсендi түрде енгiзу – алдыңғы қатарда тұрған басты мiндет. Екінші шарты, "билік – жеке меншік" феноменін ығыстыра отырып, саясат пен экономиканың, саяси және экономикалық биліктің, мемлекеттік басқару мен жеке кәсіпкерліктің (бизнес) ара жiгiн ажыратып, бұл салалардың арақатынасы қағидаттарын заңдық тұрғыдан бекітудi жүзеге асыру.

Экономикалық дамудың постмодернистік жолына түсу - саяси жүйе мен басқару құрылымын моденизациялауды бiлдiредi. 2007 жылы жасалған конституциялық реформа осы маңызды міндеттердің арнасында тұр деп санаймыз.

Қазіргі кезде қоғамның саяси дамуының ерекшеліктері идеялық-саяси спектрде шоғырланған социал-либерализм, социал-демократизм және консерватизм секілді идеялық-саяси ағымдардың орталық бағытқа қарай ойысуымен сипатталады. Еліміз қазір осы бағыттардың біреуін таңдау кезеңінде тұр. Бұл бағыттардың қайсысының басым болуы - күрделі байланыста тұрған алуан түрлі факторлардың жиынтығымен анықталады.

Бiр нәрсе анық: ол - модерннiң және бұрыннан келе жатқан салт-дәстүр талаптарын үйлестiру, яғни, өмірдің бар саласын демократияландырумен қатар, ұлттық ерекшелiктердi қоғам дамуымен үйлестiре отырып, өз болмысыздың даралығын сақтап қалу қажеттiгi. Жаһандану дәуірінде бұл ең сенімді жалғыз және баламасы жоқ тәсіл болып табылады.

Саяси стратегияның басты бағыты қазақстандықтардың өмірлік мүдделері болуы тиіс, ал оларды жүзеге асыру құралы – қоғамды нығайту үрдісіне халықтың өзін барынша тарту. Бұл үшін демократияны жетiлдiру жолын таңдаған, азаматтық қоғамды қалыптастыруда Құқық пен Заңды негізге алатын, азаматтардың саяси жiгерiн бiр арнаға тоғыстырып, оны нақты саясатта жүзеге асыратын, қазақстандықтардың басым көпшілігінің мүдделерін қорғай алатын “Әдiлет” Демократиялық партиясындай партияның болуы мiндеттi. Сондай-ақ, партия сайлауда жеңiске жеткен көпшіліктiң ғана жiгерiн жүзеге асырып қоймайды, ол аз дауысқа ие болғандардың да мүдделерін ескеретін болады.

Біз өз қызметімізде азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандығын қорғауға және қоғамның өмiрiн лайықты дәрежеге көтеруге бағытталған Конституцияға және конституциялық қағидаттарға сүйенемiз.

"Әділет" партиясы – оңшыл бағыттағы партия саналады және либерализмнің және социал-демократизмнің демократиялық құндылықтарын бiрiктiретiн социал-либерализм ағымының көзқарастарын ұстанады. Біз өз бағытымыздың қоғамның даму тенденциясына, көпшіліктің мүдделеріне сәйкес келетіндігіне сенімдіміз. Оны жүзеге асыру үшін заңды құралдармен күресетін боламыз.

Біз алған оңшыл бағыт партияның көп салалы қызметiнде тұтастай басым жүйе болып саналады.

"Әділет" партиясы бостандық және теңдік қағидаттары салтанат құруы үшiн күреседi. Сонымен қатар, біздің көзқарасымызда, бостандық - барлық нәрселерге рұқсат ете беру емес, ол - заң аясындағы бостандық, теңдік - теңестiрушілік емес, ол - мүмкіндік теңдігі.

Құқықтық демократиялық мемлекеттің негізі жеке тұлға – адамның, қоғамның әрбiр азаматының құқығы мен бостандығының артықшылығы болып табылады. Адам мемлекет үшін өмір сүрмейді, мемлекет – адам үшін қызмет етеді және өз азаматтарының жағдайы жақсы болуына жауапты. Сонымен бірге, біз үшін құқық пен міндеттің бірлік қағидаты маңызды: әркім еркiн болумен қатар, мемлекет пен қоғам алдында өз әрекетіне жауапкершілікті болуы тиiс. Мемлекет пен оның азаматтарының өзара жауапкершілігі – бұл демократиялық қоғамның басты қағидаты. Біз мемлекет және мемлекеттік мүдде, ұлт және ұлттық сана-сезім, Отан және патриотизм сияқты тұрақты ұжымдық құндылықтарды жақтаймыз. Олардың қатарында ең маңызды болып ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік саналады.

Партия жеке және ұжымдық мүдделер мен құндылықтардың ақылға сиымды тепе-теңдiгi сақталуын көздейдi.

"Әділет" Демократиялық партиясы сыртқы саясатта қазақстандықтардың құқығы мен мүдделері қорғалуын басты шарт санайды, сонымен бiрге, басқа мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтей отырып, халықаралық құқықтың жалпыға міндетті қағидаттарын бұлжытпай сақтай отырып, өз азаматтарының ұлттық мүддесін алға шығару қажеттiгiн басшылыққа алады.

Партияның мақсаттары мен міндеттері

- "Әділет" Демократиялық партиясының мақсаттары болып:

- әлеуметтік дамудың басты белгісі - қоғамның дәстүрі мен қазіргі заманға үйлесетін, азаматтардың өмiр сүру деңгейi адам мәртебесiне сай келетiн, әділетті демократиялық қоғам құру;

- азаматтық қоғамды дамыту және мемлекетті басқару ісіне азаматтардың тікелей ат салысуын қамтамасыз ету;

- адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беретін, әлеуметтік және реттеуші функцияларын тиімді орындайтын құқықтық мемлекетті қалыптастыру;

- әлемнің дамушы елдер қатарына кірудiң шарты саналатын дамудың постмодернистік үлгісін жүзеге асыру;

- қоғам өмiрiнiң барлық салаларында монополизмнiң орнығуына қарсы тұрып, оның пайда болу тенденцияларын жою және әр саланың көшбасшылары арасында заң аясындағы, заңға негiзделген бәсекелестіктi дамыту;

- протекционизм мен сыбайлас жемқорлықпен күресу, қылмыспен күресті құқықтық негiзде күшейту;

- елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту.

Осы мақсаттарға жету үшін қажетті біздің басты міндеттеріміз:

- мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешуде өзінің идеялары мен көзқарастарына сүйену, ықпалды саяси күш болу үшін партия қызметінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу, мемлекеттің саяси бағытына көмек көрсету, стратегиялық идеялар мен шешімдер ұсыну, қоғам өркендеуінің факторы болу;

- халқымыздың арасында жоғары беделге ие болу;

- жұртшылық науқандарын іскерлікпен және тиімді өткізу, мемлекеттік иерархияның барлық деңгейлеріндегі заңнамалық және атқарушылық билік құрылымдарына кіру;

- партияның ұйымдастырушылық, идеологиялық және сараптамалық-талдау жұмыстарын нығайту;

- бастауыш партия ұйымдарының қызметтерін жандандыру;

- партияның бағдарламалық мақсаты және қызметiнде басымдыққа ие заңнамалық шығармашылық жұмыстарды күшейту.

Біз қоғамда қоспартиялық жүйе құрылуын жақтаймыз. Бұл – қоғамдық ой-пiкiрлердiң әр алуандығынан және өтпелi кезде қоғамның біртекті бола алмайтындығынан туындайды.

Партия Президент, Сенат, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқандарына белсендi түрде қатысуды қажет деп санайды. Сондай-ақ партия өзінің балама үмiткерлерiн анықтау, оны ұсыну мәселелерiнде өзiнiң саяси бағытын қолдайтын сайлаушылармен, жалпы, электоратты күштермен бiрлесе жұмыс жасайтын болады.

Саяси салада

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялағанын негізге ала отырып, партия, алдына келесі мақсаттарды қояды:

- елдің саяси жүйесін одан әрі модернизациялау және демократияны дамыту мақсатында елдегi барлық саяси және қоғамдық құрылымдарымен жүйелі әрi көпвекторлы сипаттағы саяси диалог жүргізу;

- негізгі құндылығы АДАМ, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатын нақты қоғам құру үшiн саяси күрестi жалғастыра беру;

- этникааралық келісімді қамтамасыз етумен бiрге, этнос өкiлдерiнiң мемлекеттік жүйеге қатысу формаларын жетiлдiрудi қамтамасыз ету;

- азаматтық қоғамды және азаматтық қоғам мен мемлекеттiң тең әріптестігiн дамыту, үкiметтiк емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өзге де сегменттерін дамытуға ықпал ету;

- адам құқығы бостандығы мен теңдігін, баршаның заң алдындағы теңдігін, азаматтың мемлекет пен қоғамды басқаруға араласуын қамтамасыз ету;

- конституциялық реформаларды жүзеге асыру;

- басқарудың президенттік-парламенттік нысандарын классикалық үлгіге көшіру;

- халықтың ерік-қалауының екі нысаны болып табылатын өкілеттілiк пен демократияның өзара үйлесуін қамтамасыз ету;

- партиялық жүйелерді дамыту, күшті конструктивті оппозицияны қалыптастыру және саяси рөлдерді диверсификациялау;

- сот-құқықтық реформаны жүзеге асыру.

Бұл үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

- мемлекеттiң және азаматтық қоғамның өкілеттігі мен міндеттерін межелеу аясында қоғам мен билік диологын институционалдық-құқықтық деңгейде қамтамасыз етуге қол жеткізу;

- азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысу қағидаттарын олардың құзіреті мен жауапкершілігін анықтай отырып, заңды түрде бекіту;

- демократиялық критерийлер мен халықтың күшті мемлекет құру идеяларыніске асырушы билік аралығын межелеу қағидатын сатылы түрде жүзеге асыра отырып, билiк тармақтары арасындағы өзара тежеу мен қарсы әсер жүйесiн құру;

- басқарудың президенттік-парламенттік нысандарының классикалық үлгісіне сәйкес атқарушы және заңнамалық билік арасындағы қатынастарда соңғысына басымдық беруге қол жеткiзу;

- азаматтардың құқығын бюрократиялық аппарат тарапынан бұзылуынан қорғау мақсатында Парламенттiң өкілетті және бақылаушы міндеттерін арттыру, жергілікті өкілетті органдардың рөлін күшейту;

- атқарушы және сот билігі аражiгiн түпкiлiктi шешiп, Конституциялық кеңестің рөлін күшейтуге ықпал ету;

- тәуелсіз сот мәселелерін және оның мемлекет пен қоғамға есеп берушілігін заңнамалық шешуге ықпал жасау;

- ұлттық-мәдени дәстүрлер негізінде заманауи қоғам құруға қабілетті жаңа формацияның саяси элитасын қалыптастыру бағытын алу.

Мемлекетті басқару саласында

Қазіргі кезеңде азаматтық қоғамдық құрылымдарға сүйенетiн күшті мемелекеттiк билік қана барлық қоғамдық мәселелерді шешуге қабілетті. Сондықтан, біз басқаруды орталықсыздандыруды жақтаймыз:

- мемлекетті, орталық және өңірлік деңгейлерді басқару өкілеттілігі мен функцияларын түбегейлі межелеу;

- мемлекеттiк және қоғамдық негiздердi үйлестiре отырып жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру;

- мемлекеттік құрылымның халық алдындағы есеп беру жүйесін одан әрі дамыту;

- әкімшілік реформасын құқық қорғау органдарымен қоса отырып жүзеге асыру;

- менеджементтiң жаңа әдiстерi мен жобаларын жүзеге асырудың жаңа тәсiлдерiн енгiзу арқылы мемлекеттiк басқарудың әдiстерiне түбегейлi өзгерiстер енгiзу;

- билік органдарының негізгі кесімдері мен шешімдерін қабылдау технологиясын тәуелсіз сараптама негізінде жүргiзу және бақылаудың тиімділігін арттыру үшiн олардың мейлiнше ашық болуын қамтамасыз ету;

- тікелей нұсқаушы нормативті-құқықтық кесімдерді көбейту мақсатында сілтемелік нормативтік-құқықтық кесімдердің санын барынша төмендету,

- бақылаушы органдардың құқық қолдану өкілеттілігін сотқа тапсыру;

- заңсыз шешім қабылдағаны үшін лауазымды тұлғаның жауапкершілігін күшейту.

Мемлекет жалпы ұлттық бірліктің, күрделі әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралы болуы тиіс.

Көпшіліктiң мүддесін көздейтiн жауапты үкімет - бұл заңсыз және сыбайлас жемқорлық шешімдерін қабылдауға қарсы, тұрақтылық және қауіпсіздік кепілі, мемлекет пен азаматтың әдiл қарым-қатынастарының негізі.

Заңнамалық және атқарушы биліктің ішкі құрылымдарының өзара қарым-қатынасын жеңілдету мақсатында министрліктер мен олардың бөлімдерiн, комитеттер мен шағын комиттердің сандарын, атқаратын функцияларын ең аз қажетті деңгейге дейiн қысқарту керек.

Ықпалды және кәсіби билік білікті, білімді және жігерлі қызметкерлерді талап етеді. "Номенклатуралық бөгетті" түпкілікті жою керек. Мемлекеттік басқару орган қызметтеріне қабілетті және өз жұмысына жауапкершiлiкпен қарайтын азаматтардың қолы жетуі тиіс.

Біз мемлекетті басқарудың тиімділігі мына жағдайларда мүмкін деп есептейміз:

- мемлекеттік органдардың құрылымдық бірліктері мен функцияларын ретке келтiру және жеңілдету;

- азаматтық қоғамның әр-түрлі институттары арқылы атқарушы билікке ықпал етудің заңды тетіктерін құру;

- азаматтардың билік органдарының жұмысы туралы ақпаратты алуын жеңілдететін "Электрондық үкімет" құру;

- мемлекеттік органдар тарапынан (әсіресе құқық қорғау органдары) сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы шараларды қатайту;

- ұлттық компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және ірі жеке компаниялардың қызметтері мен қаржы лектерінің таза-мөлдірлігін қамтамасыз ететін заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

- "Номенклатуралық бөгеттерді" түбегейлі жою керек, қабілетті және жігерлі адамдардың барлығының билік органдары қызметіне қолы жетуі тиіс;

- "Мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қолданып отырған ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігін ескеру туралы" ҚР-ның Заңын қабылдау қажет.

Партия Қазақстан Республикасының Конституциясын негізге ала отырып, өз мақсаттарына және міндеттерін шешуге демократиялық әдістермен қол жеткізуге ұмтылады.

Этникааралық қатынастар саласында

Қазақстан – полиэтникалық мемлекет, сондықтан тек қана әлеуметтік топтардың мүдделерімен санаспай, этникалық қоғамдастықтардың алуан түрлі мүдделерімен санасу талап етіледі.

Біздің көзқарасымызша, мемлекеттің саясатын ұлтаралық салада жандандыру және ұлттық келісімдердің бірегей үлгілерін жетілдіру қажет.

Біз, елдің мемлекетті құрушы этнос қазақ халқы болып табылады деп, ал мемелекеттік тіл – қазақ тілі деп санаймыз. Барлық басқа этностар бұл шындықты мойындайды, ал барлық азаматтардың олардың этникалық тегіне байланыссыз құқықтары бірдей. Сонымен қатар біз орыс тілі әлемдік мәдениетте білім алу, ғылым және ақпараттық кеңістікке шығудың шынайы арнасы болып табылатындығын ескере отырып, орыс тілінің дамуына және оны үйренуге мән береміз.

Тәуелсіздік жылдары елде "Қазақстан жолы" деп аталатын даму үлгісінің іргетасы қалыптасты. Этникааралық келісімдерді нығайту мен сақтаудың жеке дара үлгісін жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Этникааралық келісімдердің тиімді құралы - Қазақстан халықтарының ассамблеясы. Ол консультативті кеңесшіліктен, Конституциялық органға дейін көтерілді.

Біз, кезең-кезеңімен демократияландыру, этникалық және діни сеніміне тәуелді емес азаматтардың ерiктi белсендiлiгiн қалыптастыру саясатын қолдаймыз. Өткен кезеңнің басты нәтижесі деп ұлттың өзiн идентификациялауының қиналысты кезеңiн дұрыс шешiп келе жатқанымыз және сан түрлі мәдениетті, дәстүрлерді, діндер мен тілдерді жоққа шығармайтын, керісінше қолдайтын қазақстандық халықтың бірыңғай саяси қоғамдастық болып қалыптасуын атаймыз. Біздің стратегиялық міндетіміз – елдің қарқынды дамуы мақсатында қоғамның одан әрі бірігуі.

Біз, Ресей мен Қазақстан мәдениеті арасында белгілі бір айырмашылықтар бар болғанымен, негiзiнде біртектi деп есептейміз.

Екiншi жағынан, қазақ халқының басқа түрік тілдес халықтармен ортақ терең тарихи тамырлары бар, оны мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында ескермеуге болмайды. Біз, этникааралық, мәдениаралық, діниаралық келісімдерді қоғам тұрақтылығының және мемлекеттің стратегиялық мақсатқа қол жеткізуінiң маңызды факторлары ретінде қараймыз және осы келісімдерді нығайту мен сақтау үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

Партия этникааралық қатынастар саласында маңызды стратегиялық міндеттер мыналар деп есептейді:

- мәдениет пен діни диалогтың жаңа жолдарын іздестіру арқылы этникааралық келісімдерді одан әрі нығайту, бұл бағыттағы Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін жандандыру;

- этностар мүдделерін айтарлықтай толық қамти алатын жаңа тетіктер құру және олардың заңнамалы құрылымдар мен атқарушы биліктерде өкілеттіктерін кеңейту;

- мемлекеттік тілді дамытуға және ұлттық сана-сезімдi қалыптастыру міндеттеріне басымдық сипат беру. Қазақ тілі - қоғамды біріктіруші фактор болуы тиіс, демек оның функцияларын және қолдану аяларын кеңейту керек;

- этникалық қауымдастықтың өзара мәдени диалогын нығайтуға және олардың арасында демократияға сай қоғамдық келiсiм қалыптастыруға саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар мен ғылыми мекемелер белсенді түрде атсалысуы керек;

- полиэтникалық Қазақстанның мемлекеттік идеалогиясының өзегі бола алатын және халықтың, ұлт пен ұлыстың өзара қарым-қатынасының өзегi бола алатын ұлттық идеяны туындату.

Экономикалық салада

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің сындарлы саясаты арқасында экономикада айтарлықтай табыстарға қол жеткiздi. Экономикалық өсудің кейбір көрсеткіштері бойынша еліміз ТМД-да алдынғы орынды иеленіп отыр, және Орталық Азия өңірінде көшбасшы болып табылады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары одан әрі дамуға тежеу болатын кейбір жағымсыз тенденциялар да байқалып отыр. Олар өздерінің тамырларымен бастапқы посттоталитарлық трансформациялық кезеңге кетеді. Экономиканың қазіргі жағдайы сол кездері орын алған күрделі процестердiң нәтижесі.

Кеңестік кезеңнiң экономикалық жүйесіне шексiз мемлекеттендірілу тән болды. Нарық және нарықтық қатынастар, яғни демократияға өтудің экономикалық негізі жоққа тән болатын.

Кеңестік кезеңнен кейінгі дамуда экономикада және өзге де салаларда батыстық даму үлгілерін көшіріп қайталау екiншi бiр ұшқары жағдайдың пайда болуына алып келдi: ол - кәсіпкерлік ерiктiлiк пен экономиканы мемлекетсіздендіруді шамадан тыс жiберiп алғанымыз болды. Сондықтан бұл және басқа салаларда мемлекет жаппай алға қадам басудың орнына, жаппай шегініске орын берді. Шын мәнiсiнде кәсіпкерлік, нарық және нарықтық қатынастар мемлекет тарапынан реттеуді талап етедi, олай болмаса ол стихиялық күшке айналып, алдындағысының бәрiн қиратып жiберуге, кез-келген қоғамды күйзеліске ұшыратуға қабiлеттi.

Тарихи тәжірибеде талай рет дәлелденгендей, мемелекеттік реттеу әлсiреп кеткен жағдайда, онымен қоса, ол өзiнiң өкілеттігі мен функциясынан ажырап, жаппай шегiнiске барса - мемлекетте әділеттілік пен серiктестер арасында тең құқықтық әріптестік қатынастар орнауы мүмкiн емес, керiсiнше, тек күшке табынатын "джунгли заңы" орнайды. Сондықтан, бiр жағынан, мемлекеттің жекешеленген нарыққа, азаматтық қоғам мен экономика істеріне араласу межесiн, екiншi жағынан, нарықтық күштердің еріктілік межесін белгілеу керектігін мойындауымыз қажет.

Мемлекеттiң реттеушi функциясының әлсiреп кетуi өндiрiстi жеке магнаттардың қолына шоғырлануына әкелiп, қоғамда өндiрiстiк және қаржылық магнаттардың салмағының шамадан тыс артуына апарады. Бұл тенденция қазiргi посткеңестiк қоғамдардың барлығында байқалып отыр. Қазақстан да бұдан тысқары қала алмады: экономикада олигополдық тенденцияларының өсуі, экономиканың монополиялануы - инфляцияның өсуіне, шағын кәсіпорындар мен орта бизнестің құлдырауына әкеледі. Нәтижесінде экономикалық элиталардың бәсекелестігі күрт қысқарады.

Осы айтылған мәселелер партияның қазiргi жағдайға сәйкес мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Басты міндет – мемлекеттiң мемкапитализмге бет бұруына және олигархиялық топтардың күшейуiне жол бермеу, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуін қамтамасыз ету.

Маңыздысы - кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне қатысты шараларды нақты, әрi, дәл белгілеу, нарық пен нарықтық қатынастарды мемелекеттік реттеудi ұлғайту және мемлекет пен бизнестің өзара қатынастарын заңды тұрғыда нығайту.

Экономика саласында Бiз қолдаймыз:

- халықтың игілігін арттырудың шешуші факторы ретіндегi әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы;

- әлеуметтік жауапкершілікті бизнестi және оның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуына қосылуын;

- дамыған елдер қатарына кірудің шарты ретінде- бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруды;

- экономиканы мемлекеттік реттеуді заңнамалық нормалар арқылы нығайтуды, іскерлік белсенділікті арттыруды, экономиканың бәсекеге қабілетті салаларын дамытуды;

- постиндустриялық құндылықтарды енгізу арқылы тиімді экономикалық жүйенi қалыптастыруды;

- мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатын;

- халықаралық деңгейдегі сәйкес келетiн "серпiндi даму" жобаларын жүзеге асыруды, тауарлардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өндірісiн;

- экономиканы диверсификациялау және оның шикiзаттық бағыттарын өзгертудi;

- ғылыми өндірістi;

- қазіргі заманғы ақпаратты технологияларды;

- орта және шағын бизнесті дамыту үшін барлық қажетті институционалдық-құқықтық тетіктерді кұруды және кәсіпкерлердің қызмет еріктiгiне кепілдік болуын;

- монополизммен және өздерінің үстем жағдайларын пайдаланатын нарық субъектілерімен белсенді күрестi;

- мемлекеттің тиімді инвестициялық саясатын жүргізудi;

- кәсіпкерлік қызметті жандандыруды және бизнес-құрылымдарды әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуын жігерлендіру үшін салық заңнамасын жетілдірудi.

Әлеуметтік салада

Әлеуметтік саланың дамуы партияның ұзақ мерзімге арналған басты мақсаттар қатарынан орын алады. Бұл - қоғамды жаңартудың және әлемдік бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірудің маңызды шарты. Партия мемлекеттің әлеуметтік функциясын арттыруды, әлеуметтік кепілдіктің жаңа тиімді жүйесін құруды қоғамның жетілгенідігінің және гумандық сипатқа енгендігінің көрсеткіші деп бағалайды. Сондықтан мемлекеттің әлеуметтік саясатының біртұтас концепциясын жасау қажет деп санайды.

Сонымен қатар, біз бәрін теңестіре салуға және мемлекет тарапынан болатын патернализмге қарсымыз.

"Әділет" партиясы әлеуметтік бағдарламаларға саяси қолдау көрсету арқылы осы қағидаттардың орнадалуына ат салысады және осы мақсатта әлеуметтік саланы дамытуға бағытталғын заң жобаларын ұсынуды міндетіне алады.

Партия әлеуметтік мәселелер халықаралық институттар құжаттарында көрсетілген өлшемдерге сәйкес шешілуі тиіс деп есептейді.

Осы көзқарастар әлеуметтік саладағы партияның мақсаттары мен міндеретін айқындайды.

Партияның мақсаттары:

- азаматтардың әлемдік стандарттарға сәйкес, жоғары сапамен өмір сүруін қамтамасыз ету;

- өндірісті инновациялық дамыту арқылы кедейлік пен жұмыссыздықты қысқарту, шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау, экономиканы модернизациялау және диверсификациялау, тұрмысы құлдыраған аудандарды көтеру, қосымша жұмыс орындарын ашу, қоғамның шамадан тыс мүліктік жіктеліп кетуіне жол бермеу;

- демократияның әлеуметтік тірегі – орта тапты қалыптастыру;

- денсаулық сақтаудың тиімді және көпшілікке қолайлы жүйесін құру, халықтың қалың көпшілігі үшін әлемдік стандартқа сай келетін медициналық көмек көрсету;

- демографиялық және көші-қон үрдісін тиімді реттеу;

- мәдени құндылықтарды көбейту және сақтау, көпшілік бұқараның мәдениет жетістіктерін игеруіне қол жеткізу және ғылым мен білімнің дамуына жағдай жасау.

Осы мақсаттардың орындалуы үшін мына мәселелерді шешу қажет:

- мір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз етудің толық тұжырымдамасы негізінде әлеуметтік дамудың кешенді бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;

- әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру аясын кеңейту және жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру;

- әлеуметтік-мемлекеттік тапсырыс жүйелерін жетілдіру және кеңейту жөнінде шаралар қабылдау. Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылымдарын ынталандыру арқылы, олардың осы әлеуметтік жобаға қатысуын жандандыру, олардың преференциялары мен жеңілдіктерін ұлғайту;

- әлеуметтік бағдарланған жаңа салық кодексін әзірлеу;

- халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы бағдарламасын жүзеге асыру және, экономикалық дамудың жаңа түріне өтуді ескере отырып, жаңа бағдарлама ұсыну, сондай-ақ, жұмыссыздар мен олардың отбасын қорғаудың әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру;

- бос жұмыс орны туралы ақпараттар алу үшін қызмет көрсету аясын кеңейту мүмкіндігіне қол жеткізу;

- жаңа кәсіптерді оқыту және қайта оқытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;

- әлеуметтік тұрмысы нашар топтарға: дәулеті шағын азаматтарға, көп балалы отбастарына, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айрылған тұлғаларға, экономикалық қолайсыз аудандарда тұратындарға, бұқаралық саяси репрессиядан зардап шеккендерге атаулы жеке көмек көрсетуді күшейту;

- әлеуметтік әділеттілік қағидаттары мен нормаларына сәйкес зейнеткерлік жүйе реформасын жүзеге асыру;

- бюджет саласындағы жұмысшылардың еңбек ақысын тұрақты көтеріп отыру, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруде, индекстеуде біліктілігі, еңбек өтілі, салымы және мемлекет дамуына қосқан үлесі ескерілуі тиіс. Осы мәселелердің номенклатуралық қағидаттар негізінде шешілуін жоюға ықпал ету.

Білім және ғылым саласында

Партия тұрақты дамудың, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің және елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ретінде ғылым мен білімді қарастырады. Олдың жаңа жағдайға: нарыққа және нарықтық қатынастарға бейімделуін және мәртебесін толық қалпына келтіруді талап етеді. Партия ғылым мен білімнің қоғам өмірін қамтамасыз етуші стратегиялық маңызды жүйе ретіндегі беделін арттыруды қолдайды.

Партия білім берудегі басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды, білім беру саласына бірыңғай стандарттарды енгізуді, білім алу мүмкіндігін кеңейтуді жақтайды.

Біз әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануды, сол арқылы білім беру жүйесінде әлемдік стандарттарға қол жеткізуді жақтаймыз. Ғылым мен білімді қаржыландыруды соңғы қатарға қалдыру қағидасына қарсымыз. Білім берудің мемлекеттік және коммерциялық түрлерін үйлестіре отырып, партия, мемлекеттік білім беру жүйесіне басымдық танытады. Ал ақылы оқу жүйесі тек заңдық негізде жүзеге асуы тиіс.

Білім беру және ғылым саласындағы маңызды міндеттер:

- мамандар дайындаудың сапасы мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру;

- экономиканың заманауи салалары үшін жоғары білікті жұмысшы-техниктер дайындау мақсатында арнайы орта оқу мекемелерінің, колледждердің, МКТУ-лар санын көбейту қажет.

- әр азаматқа, сапалы білім беруде мемлекеттік кепілдік болуын қамтамасыз ету;

- нарық талабына сай келетін, ғылыми-зерттеулерді жаңа жағдайларға бейімдейтін ғылым туралы жаңа заң қабылдау;

- ғылыми және ғылыми-техникалық прогресс арнасында тұрған инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсету;

гранттар және басқа инновациялық сипаттағы ынталандырулар тағайындау арқылы жастар арасындағы ғалым новаторлар мен дарынды қызметкерлерге іс жүзінде қолдау көрсету;

- ғалымдар мен ғылыми қауымдастықтарға, қоғамдық ғылыми бірлестіктерге лайықты жағдай жасау.

- ауылдағы білім беру жағдайын шешу (материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, жалақы ақысын көтеру, ауыл ұстазының преференциялары мен жеңілдіктерін кеңейту).

Бұл міндеттерді шешу үшін келесі негізгі шарттарды орындау қажет :

- ғылым мен білім беру саласының материалдық-техникалық базасын күшейту, білім беру жұмыстарына ақпараттық технологияларды қолдануды енгізу;

- осы саладағы қызметкерлердің материалдық жағдайларын жақсарту;

- іргелі және қолданбалы зерттеулер аясын кеңейту үшін ғылым және білім беру саласына құйылатын инвестиция көлемін арттыру, оларды қаржыландырудағы "қалдық қағидатын" жою;

- оқытушының дайындығы мен деңгейіне сай жалақысын көтеру;

- жоғары оқу орындарын аттестаттау жұмыстарының сапасын көтеру, қазіргі заманға сай келмейтін оқу орындарының жұмысын тоқтату;

- бұл үрдіске отандық ғылыми элиталарды тарту және олардың қатынасуымен жаңа ғылыми мектептер құру;

- мемлекет, бизнес, білім беру және ғылым арасындағы байланысты ұлғайту, ғылыми зерттеулермен белсене араласатын инвестициялық сипаттағы компанияларды, фирмалар мен басқа шағын және орта бизнес кәсіпорындарын ынталандыру;

- ғылыми және ғылыми-техникалық инновациялық қызметтердің заңнамалық базасын жетілдіру.

Денсаулық сақтау, отбасын, ана мен баланы қорғау салаларында

Денсаулық сақтау, отбасын, ана мен баланы қорғау саласында, партия, халықтың денсаулығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруды, азаматтарды халықаралық дәрігерлік көмек стандартына сай сапалы ерікті-дәрігерлік сақтандыруды, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруды қолдайды. Біз медицина қызметкерлерінің еңбегінің мәртебесін түсіретіндей шектен тыс коммерцияланған денсаулық сақтауға қарсымыз.

Біздің мақсатымыз - осы салада денсаулық сақтау жүйесі әлі де адамдардың сұраныстарына, азаматтардың талаптарына сай емес екендігін анықтау. Мұнда кезек күттірмей шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар.

Партия отбасын жоғары әлеуметтік құндылық ретінде, адам дамуының, ізгіліктің, тұрақтылық пен қоғамдағы келісім негізі ретінде қарастырады.

Біз – отбасын нығайту, аналар мен балаларды қорғау, жас отбасыларына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, аналар мен балаларды қорғаудың мемлекеттік бағдарламасын - мемлекеттің демографиялық саясатының маңызды аспектісі ретінде әзірлеу және қабылдауды жақтаймыз.

Партия денсаулықты, отбасын, аналар мен балаларды қорғау саласындағы мақсаттарды жүзеге асыруда келесі бағыттарға күш жұмылдыруға ниеттеніп отыр:

- денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

- салауатты өмір сүру инфрақұрылысын дамыту;

- қолайлы, экологиялық қауіпсіз қоршаған ортаны құруға ат салысу;

- салауатты өмір сүруді насихаттау;

- маскүнемдік пен есірткі тұтынуды жою.

Мәдениет саласында

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, әсіресе мемлекеттің реттеуші функциясының әлсіреген жағдайда - мәдениет қоғам дамуынан тысқары қалады. Бұл жағымсыз үрдістер ТМД-ның басқа елдерінде сияқты Қазақстанда да байқалады.

Сондықтан, мемлекет тарапынан тарихи-мәдени мұраларды қайта жаңғыртуға, сақтауға және көбейтуге, өнердің кәсіби түрлерін дамытуға, қазақтың ұлттық мәдениетімен бірге Қазақстан Республикасында қоныстанған басқа халықтар мен ұлыстардың мәдениетін сақтау мен дамытуға, халықаралық мәдени әріптестікті тереңдетуге және кеңейтуге күш жұмсалуда. Ұлттық мәдениетті қайта жаңғыртуға және оның одан әрі дамуына бағытталған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. ЮНЕСКО басшыларының пікірі бойынша бұл бірегей құжат өзге елдерге де үлгі болуы мүмкін.

Қол жеткізілген мәдени интеграция өзегі деп - ғасырлар бойы қалыптасқан толерантты және инновацияға ашық қазақ халқының мәдениетін атаймыз .

"Әділет" демократиялық партиясы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы жалпы дұрыс нәтиже берді: мәдениеттің қайта жаңғыруына және халықаралық мәдени диалогтың дамуына қол жеткізді деп санайды. Онда жаңа жағдайларға сәйкес мәдени дамудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Сонымен қатар, біз, бұл бағыттар одан әрі тиянақтандыруды қажет етеді деп есептейміз. Сондықтан мәдениетті дамытудың уақыт талабына және біздің қоғамның барлық мүдделері мен талаптарына жауап беретін жаңа мемлекеттік бағдарламаны жасау және оның тұжырымдамаларын алдын ала әзірлеу қажет болды.

Бұл, әсіресе, жаҺандану жағдайында әрбір ұлт алдында өз даралығы мен өзіне тән ерекшелігін сақтау және әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялану мәселсі көтерілген жағдайда аса маңызды.

Сонымен қатар, мәдени саладағы жағдайларды зерттеу барысында, біздің республикамыздың тәуелсіздік алған бар-жоғы 16 жыл кезеңінде мәдени даму қарқынының төмендеуі мен мәдени өрістің даму ырғағы, жалпы мемлекеттік саясатта мәдени қоғам құру қажеттігінің жетіспеуі, мемлекет қалыптасуында мәдениет саласына аса маңызды мән бермеу және т.б. құбылыстар анықталды.

Мемлекетте бүгінгі таңда бірыңғай ұлттық идеология жоқ, жақын келешектегі мәдени даму тұжырымдамасы болмай отыр. Елдің мәдени дамуы және лингвистикалық өріс мәселелері Қазақстанның 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында жазылмаған. Партия мәдени саясатты дамыту үшін оған мүдделі барлық интеллектуалды күштерді біріктіру және үйлестіру қажет деп санайды: ол - мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету; үкімет пен парламентке ұсыну үшін мәдениетті және тілдерді дамытуға арналған заң жобаларын дайындау; қоғамның мәдени саласын дамытуға бағытталған, әлеуметтік мәні бар ұсыныстар мен шараларды жүзеге асыруда партия атынан өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

Мәдениет және тіл секторларындағы қалыптасқан жағдай - оны осы жағдайға сәйкес тәсілдермен шешуді талап етеді. Атап айтқанда: дамудың динамикалық әрі тиімді стратегиясын, басымдылықтарын, ұйымдастырылу және басқа тетіктерін жасау міндеттері тұр. Бұл, сөзсіз, ұлттық мәдениеттің жедел дамуын қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп, Қазақстанның мәдени және тілдік дамуында жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Мәдени дамуды нарыққа бейімдеу кезінде шығармашылықпен айналысатын азаматтарды қолдау мақсатында мемлекет пен бизнес қатынастарын үйлестіру қажет.

Біздің барлық ұсыныстарымыздың мақсаты – алдына таңдау тұрған жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын, адамзаттың адам, отбасы, мәдениет, бейбітшілік, отан, отанға сүйіспеншілік сияқты мәңгі құндылықтарын дәріптейтін Тұлғаны тәрбиелеп шығару болып табылады.

Жастар саясаты саласында

Біздің партияның ерекше назар аударатын мәселесі – жастарды тәрбиесі.

Партия жас азаматтардың ерікті дамуы үшін олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, жастардың белсенділігін, инновациялық потенциалын арттыруға, патриоттық және құқықтық тәрбиелеуге күш жұмсайды.

Біз – жастарды заман жағдайына бейімдеудің әлеуметтік жүйесін қалыптастыруды, мәдени сұранысын қанағаттандыру үшін материалдық, ақпараттық мемлекеттік қолдау жүйесін құруды қолдаймыз.

Біз жастарға қатысты әлеуметтік және материалдық жеңілдіктерді қарастыратын заң жобаларын дайындау жұмыстарын жалғастырамыз.

Біз жастарға бағытталған бағдарламаны қамтамасыз етуге бағытталған қаржының ұлғаюын, оны қамтамасыз ететін жергілікті бюджеттің траснспаренттілігін қолдаймыз.

Біз барлық деңгейдегі әкімдіктер жанынан, белсенді жастарды тарту арқылы, жастар саясаты жөніндегі штаттан тыс кеңесшілер институтын құруды жақтаймыз. Олар әрбір өңірде жастар мәселелерінің дұрыс қойылуы мен жедел шешілуіне мүмкіндік туғызады. Студенттер барлық кезде қоғамның алдыңғы және белсенді бөлігі болып табылады. Сондықтан қазір "Студенттердің мәртебесі туралы" Заңды қабылдаудың мезгілі жетті деп санаймыз. Ол студент жастар арасында азаматтық белсенділікті арттыруға және оқушы жастардың құқығы мен бостандығын қорғауға ықпал етеді.

Біз – мемлекет пен жастар арасындағы әріптестік патерналистік негізде емес, тең әріптестік қатынастар негізінде болсын дейміз.

Біз – мемлекет пен кәмелетке толмағандардың, әсіресе, балалар үйі мен интернаттарда тәрбиеленіп жатқан өскіндердің құқығын қорғау жөніндегі саясатты мемлекеттік деңгейде қою үшін жұмыс істейміз.

Партия шетел азаматтарының асырауындағы Қазақстандық балалардың тағдырыны жауапкершілігіне мемлекеттің араласар кезі келді деп санаймыз.

Біз – кәмелетке толмағандар мен жастардың арасындағы құқық бұзушылықтармен, есірткімен және басқа жағымсыз құбылыстармен күресуде және оның алдын алуда құқық қорғау органдарына көмектесуге әзірміз.

Біз – дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді жақтаймыз. Біз - өзіміздің партиямызға оның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын жастарды тартамыз.

Ауылды (селоны) қайта көтеру саласында

Партия ұлттық экономиканың дамуының маңызды факторы ретінде аграрлық сектордың дамуына баса назар аударады және оған қазіргі кезде аяқталған "ауылды (селоны) қолдаудың үш жылдық бағдарламасы" көп демеу болғанын арнайы атап өткіміз келеді.

Біз - ауылға (селоға) өндіруші күш ретінде ғана қарамаймыз. Ауылды халықтың басым көпшілігі тұратын, салт-дәстүрлер мен халықтың тұрмыстық мәдениетін сақтаушы қазына ретінде қарастырамыз.

Партия аграрлық секторда нарықты қатынастардың одан әрі реформалануын, ауылдық аймақтардың дамуын жақтайды. Ауылдың экономикалық саласындағы негізгі міндеттер:

- елдің азық-түлік тәуелсіздігі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ауылға қазіргі замандағы ғылыми техниканың жетістіктерін енгізу, ауыл-шаруашылық өндірісін модернизациялау;

- өнеркәсіптік кешендерді және әлемдік нарықта бәсекеге төзімді өнімдер өндірісін тұрақты түрде кеңейте беруді қамтамасыз ету;

- барлық қажетті алғы шарттар пісіп жетілген кезде бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына ену.

Ауылдың ( селоның) әлеуметтік салада өсуіне қажетті жағдайлар:

- кедейлікті, сондай-ақ ауыл мен қала тұрғындырының өмір сапасы және табыстар деңгейі арасындағы маңызды айырмашылықты жою;

- ауыл халқын әлеуметтік қамсыздандыру;

- ауылдың (селоның) әлеуметтік тұрғыда өмір сүруге қолайлы, тұрмыстық қызметтің барлық түрі қалыптасқан әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру;

- халықтың қол өнерін дамыту және оған қызмет көрсететін сату-жабдықтау кооперативтер қызметтерін ұйымдастыру.

Оралмандардың жағдайы

Барлық мемлекеттік органдар оралмандардың құқықтық ережелері мен мәртебесі туралы заңнама талаптарын, әсіресе, олардың құқықтары толық сақталмайынша, бізге халықтың санын өсіру мәселесін отандастарымызды тарихи отанына қайтару жолымен шешуді күтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан оралмандардың құқықтары мен әлеуметтік мәртебелерін жақсартатын, оралмандарды квотаға енгізу мөлшерлерін белгілейтін, кезегін анықтайтын тиісті нормативтік-құқықтық кесімдер қабылдау қажет, бұл бүгінге дейін орындалмай отыр.

Тұрғын үй саясаты саласында

- маңызды әлеуметтік мәселелерді ұтымды шешу мақсатында тұрғын үй құрылысының кешендік бағдарламасын әзірлеу;

- жер телімдерін өндіріс әкімшілік және өзге объектілер құрылысына алу кезінде тұрғын үй иелері мен азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

- жеке тұрғын үй құрылысын кең көлемде дамыту үшін ынталандыру, әлемдік стандартқа сәйкес жалгерлік тұрғын үй нарығын жасау, электроэнергия, су, жылу, газ және басқа тұрмыстық қажеттіліктерді жеткізетін коммуналдық монополист кәсіпорындардың қызметін мемлекет тарапынан қатал қадағалау;

- олардың жеткізген өнімдері сапасыз болған жағдайда коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету;

- КСК -ны құру және есеп беру жолдарын барынша оңайлату, үйлерді жеке меншікке беру кезінде олардың көпшілігі апаттық жағдайларда немесе соған жақын тұрғандықтан, үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттен қаржы бөлу;

- Кәсіпорындардың меншіктік (мемлекеттік немесе жеке меншік) тұлғасына: акционерлік, кооперативтік және т.б. тәуелсіз, оларды өз қызметкерлерін он-он бес жыл бойында қалыпты бағадағы тұрғын үймен қамтамасыз етуін міндеттеу, осы мақсатта оларға тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу;

- халықтың көпшілігінің табыстарын ескере отырып, сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын салу үшін ипотекалық жүйені және несие берудің өзге нысандарын жетілдіру;

- облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және селолық әкімдер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұрмысы нашар топтарға арналған коммуналдық тұрғын үй салуы тиіс;

- несие саласында, әсіресе ипотекалық несие беруде мемлекеттік тәртіп орнату және осы саладағы зиян келтірушіліктерге жол бермеу.

Экология саласында

- халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамды тұрақты дамытудың негізгі экологиялық стандарттарын жасау, алдыңғы қатарлы халықаралық актілерге сәйкестендіру мақсатында Экологиялық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасау;

- инновациялық табиғатты қорғаушы технологияларды, әсіресе, өздігінен толығып отыратын энергия көздерін пайдаланушыларға мемлекеттік қолдау көрсету;

- қоршаған ортаны ластандырғаны үшін айып мөлшерлерін көбейту және осы салада басқа да заңдық санкцияларды қатайту;

- қоршаған ортаны қорғау және экологиялық сараптама жасауға қоғамдық бақылау құру;

- табиғи қорларды: ормандарды, суларды, кен байлықтарын, жануарлар мен өсімдік әлемін сақтау;

- жаңа ұлттық саябақтарды, қорықтарды және басқа да табиғатты қорғау аймақтарын құру;

- экологиялық білім беру мен тәрбиені жетілдіру;

- өнеркәсіп объектілерін салуға экологиялық сараптама болған жағдайда ғана, міндетті түрде азаматтық қоғамның қатысуымен ғана рұқсат беру;

- Қазақстан аймағында шетелдік радиоактивтік қалдықтарды көмуден бас тарту;

- міндетті экологиялық тексерулерді енгізу.

Біз осы бағдарламаның келесі кезеңдерде іске асатынына үміттенеміз:

2008 жылы – судьялардың әлеумет алдындаңы беделі мен абыройын арттыру және сот билігінің шынайы тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін сот билігін нығайтуға бағытталған сот реформасын өткізуге, және, бәсекелестік туралы заң жобаларын әзірлеу жұмыстарына қатысамыз.

2009 жылы – еліміздің ғылыми-өндірістік потенциалды жандандыру, экономикалық өсуге бет бұру, ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, толық және ішінара жұмыспен айналысудың әртүрлілігін қолданудың құқықтық негіздерін жасау, әлеуметтік даму мен әлеуметтік саясаттың толық тұжырымдамаларын дайындауға қатысу.

Партия стратегиялық идеялар мен шешімдерді тудыруда белсенді қызмет атқаратын болады, қоғамды біріктірудің идеологиялық негіздерін әзірлеуге көмек көрсетеді. Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының негізгі бағыты бойынша заң жобаларын әзірлейді.

Бұл бағдарламада Қазақстан демократиялық партиясының уақыт сынынан өткен негізгі ережелері мен атқарған қызметінің басты бағыттары сақталды.

Республикалық "Әділет" Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Төрағасы М. Нарикбаев

Біздің көш басшыларымыз

Блиц-сауалнама

Мұрағат

« Ақпан, 2012 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29